• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Сәуір, 2022

Тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы бақылауға алынады

206 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы бақылауға алынады, деп жазады Egemen.kz Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында 2023 жылғы 31 наурызды аяқтау мерзімімен қадағалап отыру тетігін енгізу жөніндегі қанатқақты жоба іске қосылатынын хабарлады. Жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 11 коды (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) енгізілді.

Сонымен қатар 2022 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында іс жүзінде болатын қадағалауға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымымен байланысты операциялар туралы мәліметтер жобаны іске асыру басталған күннен бастап бір ай ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде мұндай мәліметтер болмаған кезде бір мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа екінші мүше мемлекеттің аумағына өткізуге жол берілмейді. «Жоғарыда көрсетілген тауарлар тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген. Бұл шешіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады​», деп жазылған хабарламада.