Минскіден Қазақстаннның екі қаласына ұшатын рейстер саны артады, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын көбейтеді. Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады», деп жазылған хабарламада.