Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.