• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Сәуір, 2022

«Қазмедиа орталығының» Бас директоры тағайындалды

551 рет
көрсетілді

Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды», делінген аталған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қасымжанов Қанат Сәкенұлы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастап, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.