• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2014

Атырауда түзету мекемесіне бөлінген 322 млн.теңге қолды болды

310 рет
көрсетілді

Атырау облысында түзету мекемесіндегі жөндеу жұмыстарына бөлінген 322 млн. теңгенің ұрланғаны анықталды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады.

«Еңбек Атырау» филиалының директоры 2013 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында күзет инженерлік-техникалық құралдарына күрделі жөндеу жүргізуге және тұрғын аймақ объектілерін оқшаулауға байланысты  Атыраудағы УГ-157/9 мекемесімен келісім-шарт жасаған. Алайда, құрылыс материалдарының бағасын өсіріп, жобалық-сметалық құжаттарды ауыстыру арқылы  322 млн. теңге көлемінде  бюджет қаражатын ұрлаған. Осы фактіге байланысты «Еңбек Атырау» филиалының директорына қатысты Қылмыстық Кодекстің 176-бабының 3-бөлігімен (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғалып отыр.

Жолдасбек  Шөпеғұл.

Атырау облысы.

Дереккөз: Облыстық департамент.

Фото: bag.kz.