• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Сәуір, 2022

Ақтауда қайықпен теңізге шыққан екі адам жоғалып кетті

419 рет
көрсетілді

Екі ер адамды 4 «А» шағынауданындағы жағалауда және теңізде іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 19 сәуірде шамамен 20:55-те балық аулау үшін теңізге шыққан. Бірақ ауа райының құбылып кетуіне байланысты жағалауға өз бетінше қайтып орала алмаған.

Іздеуге ТЖД-нің 13 қызметкері, 1 техника және 2 суда жүзу құралы жұмылдырылды. Сондай-ақ 19 әскери қызметші де жоғалғандарды іздеп жатыр.