19 сәуір күні кешке қаланың жеті мектебіне жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар түскен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Кеше кешке қаланың жеті мектебі миналанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаланың шұғыл қызметтері тексеру жұмыстарын бастап, саперлік бөлімшелер нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство тексеру кезінде мектептерде оқушылар да, мұғалімдер де болмағанын нақтылады.
«Қазіргі уақытта анонимнің жеке басы анықталуда. Ол ұсталып, жауапқа тартылады», делінген хабарламада.