Алматы облысында есірткімен елірген 78 жүргізуші тұтқындалды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
«Биылғы жылдың басынан бері Алматы облысының тәртіп сақшылары есірткі шегіп, көлік жүргізген 78 жүргізушіні ұстады. Олардың ісі сот органдарына тапсырылды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері есірткіге қатысты 64 қылмысты ашқан. Оның ішінде 40 факті есірткі саудасына қатысты болып шықты. Ал жалпы Алматы облысының құқық қорғаушылары жыл басынан бері 100 килодан аса есірткі тәркілеген екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Bnews.kz.
Фото: Today.kz.