• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2014

Пәкстандағы жолаушылар пойызында жарылыс болды

324 рет
көрсетілді

Пәкстан мемлекетінің Белуджистан провинциясынан өтіп бара жатқан жолаушылар пойызының ішінде жарылыс орын алды. Бұл туралы Izvestia.ru хабарлады. Жергілікті полицияның мәліметіне қарағанда, Пәкстан астанасы Кветтадан Равалпинди қаласына қарай бағыт алған пойыз вагондарының бірінде жарылғыш зат іске қосылған. Жарылыстан кейін пойыздың үш вагоны өртке оранған. Полиция өкілі Мухамед Назардың айтуы бойынша, жарылыс салдарынан 12 адам қаза болып, 40 жолаушы жарақат алған. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Izvestia.ru. Фото: Anspress.com.      
Соңғы жаңалықтар