• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Сәуір, 2022

Бірнеше кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады

242 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Көліктік сервис орталығы» АҚ (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын», делінген қаулы мәтінінде.

«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республикалық меншікке береді.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді. «КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.