• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Сәуір, 2022

«Алаш» көшбасшысының еңбегі насихатталды

476 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды. Кездесуге «Алаш» қозғалысының тарихын зерттеуші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Жүсіп пен министрлік қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығы жөнінде тың деректер айтылды. 

Ә.Бөкейхан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым болғаны баршаға мәлім. Дегенмен Əлихан Нұрмұхамедұлы бір ғылым саласымен шектеліп қана қойған жоқ. Оның еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихы мен мəдениетіне қатысты түрлі деректерді кездестіруге болады.

«Алаш қайраткерлері біздің бүгінгі заманауи мемлекетіміздің іргетасын қалап, шекарасын шегелеп кетті. Олар тек қана партиялық ұйымдастыру, саяси қайраткерлік істермен ғана шектелмей, қазақ тарихы мен әдебиетіне, ғылым мен білім саласына, мәдениет пен руханиятқа өшпес із қалдырды», деді «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Жүсіп.