Алматы әуежайы мен сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы хабарлаған белгісіз адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті жарылғыш зат қойғаны туралы жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін мегаполистегі ірі сауда орталықтарының бірінен адамдардың эвакуацияланып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Артынша Алматы халықаралық әуежайына да «бомба» қойылды деген ақпарат тарады .