• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2022

Алматыда Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады

294 рет
көрсетілді

Алматы әуежайында Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады. Полиция қызметкерлері оған мемлекеттік шекарадан өтуге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қалалық ІІД-мен бірлесіп, әйелге Алматы әуежайы арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өтуге көмектесті.

«Украина азаматшасы көмек сұраған кезде Алматы әуежайының полиция бөлімі қызметкерлері шекарадан өту кезінде туындаған мәселені шешуге, тіпті фотограф қызметін ұсынуға дейін көмектесті. Жоғарыда аталған азаматша «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына оған босқын мәртебесін беру туралы өтініш білдірді», деп хабарлады департамент өкілдері.