• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Сәуір, 2022

Еуропалық Кеңес басшысы Киевке барды

466 рет
көрсетілді

Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель Украина астанасы Киевке барды. Жұмыс сапары аясында ол ел президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізбекші, деп хабарлайды Egemen.kz

«Киевтемін. Еркін және демократиялық Еуропаның дәл жүрегіндемін», деп жазды Ш.Мишель өзінің Твиттер парақшасында.

Еуропалық Кеңес басшысын Украинаның Еуропалық істер және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина қарсы алды.

Бұған дейін Украинаға Еуропалық Парламенттің төрағасы Роберта Метсола, Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель келген еді.