Украинада қақтығыс басталғалы елден кеткендер саны 5 миллионнан асты. Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Украина азаматтары бас сауғалаған елдер арасында бірінші орында Польша тұр. Қазірдің өзінде бұл елге 2,8 миллионнан астам адам келген.
«Шекараны кесіп өтіп жатқан босқындар саны күн сайын артып келеді. Польшада босқындарды қабылдаудың арнайы орталықтары бар, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар», деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Шабиа Манту.