Алматыда спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Аталған ел біріншілігіне Қазақстанның 6 өңірінен 77 спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Жарыстың бірінші күнінде «жылдамдық» санаты бойынша үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей:
Ерлер:
1. Әмір Маймұратов
2. Матвей Есипов
3. Валерий Сердюк
Әйелдер:
1. Тамара Жабаева
2. Маргарита Агумбаева
3. Әсел Марленова
Айта кетсек, Қазақстан чемпионаты 24 сәуірге дейін жалғасады. Спортшылар енді қиындық, боулдеринг және көпсайыс бойынша бақ сынайды.