Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған жаңа деректі фильмді Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені дайындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Президент Телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысының күзеті фото және бейнекамераларға сирек түседі. Қызметкерлердің бет-бейнесі, әсіресе олардың жеке деректері – құпия ақпарат. Бірақ, бұл адамдар үнемі Президенттің жанында жүреді. Олардың жұмысы құпия, көзге көрінбейді. Сондықтан деректі фильм көпшіліктің қызығушылығын тудырары анық.
Деректі фильм бүгін «31 арна» арнасында сағат 10:00-де;
«Хабар» арнасында сағат 12:00-де;
«Qazaq TV» арнасында сағат 16:10-да;
«Хабар 24»арнасынада сағат 16:30-да;
«Алматы» арнасында сағат 18:15-те;
«ОРТ Еуразия» арнасында сағат 20:40-та;
«КТК» арнасында сағат 21:40-та;
«СТВ» арнасында сағат 21:55-те көрсетіледі.