• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Сәуір, 2022

Үкімет үйінде дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

206 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында Үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны атап өтілді.

Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.

Осылайша мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және т. б.) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.

Премьер-Министр ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.