• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2022

Кентауда құбыр жарылды

342 рет
көрсетілді

Кентау қаласының Яссауи көшесінің бойындағы құбыр (500Q д/м) жарылып, 3 шағын аудан мен 7 көшеде су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірге құбыр жарылған көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жедел атқарылып жатқан жұмыстар барысын қадағалаған қала әкімі ақауды мүмкіндігінше жылдам ретке келтіріп, тұрғындарға су беру жағын тездетуді тапсырды. Жұмыс барысы толық аяқталғанша, қала тұрғындарынан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз», делінген Кентау қалалық әкімдігінің хабарламасында.