• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2022

Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

204 рет
көрсетілді

Еліміздің кейбір облыстарында 22 сәуірде жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғып, бағыты солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Атырау облысының солтүстік-шығысында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен, батыстан және облыстың орталығынан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Атырауда 22 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Сол күні Ақмола облысында түнде Көкшетау қаласында көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.