Өскемен қаласында автобус қаққан 5 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 21 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Бажов көшесінде болған.
«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде мерт болған», делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.