• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Сәуір, 2022

Сырт көз - сыншы

215 рет
көрсетілді

Дамуға серпін беретін құжат

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық­қа Жолдауын үлкен қызығушылықпен оқып шықтым. Бұл құжат қазақ халқының одан әрі дамуына серпін беретініне сенімдімін.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне кепілдік беретін ауқымды реформалар маусымы басталды. Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуына ықпал ету мақсатында азаматтық қоғамның белсенді қатысуы қажет.

Мұндай реформа рухы халықтарымыз арасындағы бауырластық достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенімдімін.

 

Паоло ГИРЕЛЛИ,

Италия-Қазақстан сауда палатасының

президенті

 

Еуразияның ең маңызды көлік торабы

 

«Жаңа Қазақстанның» жасарып, алға жылжу мүмкіндігі туды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ортада тепе-теңдікті орнатуға үлкен қадам жасады.

Қазақстан – Еуразияның ең маңызды көлік торабы. Елдегі әуе қатынасы дамып, еуропалық нарыққа еніп келеді. Халықаралық бизнес Қазақстандағы маңызды саяси оқиғаларды мұқият қадағалап отыр. Олар демократия мен жаңғыртуға қадам басып, инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруын күтеді.

 

Вигаудас УШАЦКАС,

Литваның бұрынғы сыртқы істер министрі,

Avia Solutions Group холдингі директор

кеңесінің мүшесі

 

Нақты өзгерістер қажет екені анық

Қазақстан кенеттен бұрқ ете түскен қайғылы қаңтар оқиғасының куәсі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан өз халқымен бірге екенін мәлімдеу арқылы халықаралық қоғамдастықтың ықыласына бөледі.

Бұл оның мықтылығын көрсететіні сөзсіз. Бұл үздік басшыға тән ерекше қасиет. Мемлекет басшысы ең шешуші сәтте халық үшін қолынан келгеннің бәрін жасағанына сенімдімін.

Адал және әділ «ойын ережелерін» қалыптастыру, сондай-ақ бүкіл саладағы монополияны жоюға бағытталған қадамдар, билікке саяси өзгеріс жасау туралы мәлімдемесі қазіргі кезде өте өзекті деп есептеймін. Жалпы, бұл Қазақ­станда ғана емес, басқа посткеңестік елдерде де маңызын жойған жоқ.

Оған қоса, қазір елге түбегейлі реформалар қажет екеніне нық сенемін. Сонымен қатар халыққа абстрактілі идеялар мен уәделердің қажеті жоқ. Бірақ қуатты азаматтық қоғамы бар тиімді «Жаңа Қазақстанды» құру үшін нақты өзгерістер қажет екеніне келісемін.

 

Нино БУРДЖАНАДЗЕ,

«Демократиялық қозғалыс – біртұтас Грузия»

саяси партиясының жетекшісі,

Грузияның мемлекет және саяси қайраткері

 

Халық мүддесін ескергені көкейге қонды

 

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауы саяси реформалардың тұтас бағдарламасын қамтығаны көңіл қуантты.

Қазақстан Президентінің Жолдауы – жақын күндері мемлекеттік аппарат өкілдері мен саяси элита өкілдері басшылыққа алуға тиіс нақты бағдар. Мемлекет басшысы демократиялық рефор­малардың тұжырымдалған тұтас кешенін атап өтті. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Парламентінің қоғамдағы рөлін нығайту процесін бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің барлық күш-жігерін елдегі тұрақтылықты сақтауға бағыттағаны анық дер едім. Атап айтқанда, «Қасіретті қаңтар» оқиғасына айрықша назар аударғаны аңғарылды. Дамудың даңғыл жолына түсуді мақсат еткен елдің ертеңі мызғымас тыныштықпен сабақтас екенін Президент жақсы түсінеді. Жолдауда айтылған реформалар халықтың демократиялық құқықтарын және азаматтардың әлеуметтік жағдайын нығайтуға, элиталық топтардың, монополистердің мүдделеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі белсенді саясатқа бағытталған.

Мемлекет басшысы елдегі реформалар Қазақстан халқының біртұтастығын сақтауға бағытталғанын атап өтті. Жылдың бас­ты құжаты саналған Жолдауында Президент бүгінде барлық назар «Қасіретті қаңтар» оқиғаларының негізгі себептерін жоюға және жүйелі реформаларды елдің құқық қорғау органдарында жүргізуге бағытталуға тиіс екенін шегелеп айтты.

Ұсынылған реформалар өзінің оң нәтижелерін беретіндігіне ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар пакеті елдегі нақты және елеулі өзгерістерді көргісі келетін халық пен қарапайым азаматтардың мүдделерін ескереді.

 

Арман ГУКАСЯН,

саясаткер (Армения)