• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2022

Желаевтан ұн келе жатыр

436 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімдігі күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтуды басты назарға алды. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арасындағы келісімге сәйкес «Желаев нан өнімдері комбинаты» арқылы наубайханаларға бірінші сұрыпты ұнның 2 мың тоннасы жеткізіледі.

– Жақында «Желаев нан өнім­дері комбинаты» ЖШС-ның бас­шы­лығымен Атырау облысына б­і­рінші сұрыпты ұнды тұрақты жет­кізу жөнінде келісім жасалды. Бұл кәсіпорын бұған дейін де бірінші сұрыпты ұнды төмен бағамен беріп келген. Алдағы уақытта Атырауға жергілікті кәсіпкерлер мен «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы әлеуметтік маңызы бар ұн, күнбағыс майы секілді өнімдер еш кедергісіз тасымалданады, – дейді Қ.Нұрлыбаев.

Қазір бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы «Дәулет нан» ЖШС-ның сауда нүктелерінде 90 теңгеден сатылып жатыр. Ал күнбағыс майын Орал қаласындағы «Белес-Агро» кәсіпорнынан қажетіне қарай 200 тоннаға жуық көлемде сатып алу үшін келісім жасалып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамту, бағасын тұрақтандыру үшін өзге өңірлермен, жақын шетелдермен тиісті жұмыстар ұйымдастырылып жатыр.