Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетейік, кеше Президент «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударып, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және облыс басшысына тапсырмалар жүктеді.