• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2014

Шарайна

301 рет
көрсетілді

Стратегиялық қаруын қысқартады АҚШ-тың қорғаныс министрлігі стратегиялық қару-жарақтарын қысқарту жоспарын жария етті. Негізінен ол 50-дей құрлықаралық баллистикалық зымыранның әскери күзеттен алынатындығына қатысты болмақ. Бұл 2011 жылғы ақпанда күшіне енген Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу және қысқарту туралы шарт шеңберінде жасалып отыр. Жақын күндері АҚШ-тың шахтадағы Minuteman III қондырғысының алынатындығын белгілейді. Қазіргі кезде бұл елде 450 зымыранды шахта бар, олар үш аймақта – Малмстром, Уоррен және Майнот авиабазасында орналасқан. Сондай-ақ, АҚШ-тың әскери теңіз күштері СНВ-3 шарты аясында бірқатар өзгерістер енгізбек. Осыған байланысты 14 «Огайо» стратегиялық атом сүңгуір қайығы  төрт зымыранды шахталар бойынша қайта жасалады. Сығандар баронына қарсы шықты Закарпатье облысындағы (Украина) аудан орталығы Мукачево елді мекенінде тұратын сығандар өздерінің баронына қарсылық ретінде митингіге шықты. «Сегодня» басылымының хабарлауынша, акцияға бірнеше жүз адам қатысқан, олардың кейбірінде рәзіңке сойыл бар. «Бұл сыған таборларының ішкі кикілжіңі, – деп хабарлады қалалық милиция бөліміндегілер. – Жеті мыңдай сыған отбасынан тұратын үш жүзге жуық адам барондары өзінің билігін асыра пайдаланды деп айыптаған. Біз жағдайды ушықтырмайық деген ниетпен, митингі өтіп жатқан жерде кезекшілік атқарудамыз». Кейбір мәліметтерге қарағанда, билікпен келіссөз жүргізуге дайын. Осыдан бір күн бұрын аталған елді мекенде төбелес болыпты. Одан бірнеше адам зардап шеккен сияқты. Бүгінгі күні Украинада 50 мыңдай сыған тұрып жатыр. 200 доллар үшін жеті жыл

Молдавиядағы Теленшет аудандық сотының судьясы Георге Попа 200 доллар пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Оған жеті жыл түрмеде отыру жазасы тағайындалған.

Сондай-ақ, ол 160 мың лей (420 мың рубль) айыппұл төлеуге міндетті. Прокуратураның мәліметтері бойынша, бұл жемқорлық фактілерімен нақты мерзімге сотталған алғашқы судья. Судьяның пікірінше, оған тағылған айып қолдан жасалған, шындықпен сәйкеспейді. Г.Попа өткен жылғы қазанда өзінің қызмет бөлмесінде ұсталған еді. Кейбір ақпараттарға қарағанда, өткен жылы елде жемқорлықпен күрес арта түскен. Нәтижесінде 400-ден астам шенеунік сыбайлас жемқорлықпен қолға түсіпті. Мәдениет министрі отставкаға кетті Ұлыбританияның мәдениет министрі Мария Миллер 5800 фунт бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады деп айыпталғанына байланысты отставкаға кетті. Ел премьер-министрі Дэвид Кэмеронға жазған хатында ол өзінің осындай жанжалға ұшырауы үкімет жұмысына кедергі келтіретінін атаған. Үкімет басшысы оның өтінішіне түсіністікпен қарап, оның өтінішін қабылдаған. Дерек көздері бойынша, мәдениет министрі бірқатар парламентарийлердің талап етуіне қарамастан, отставкаға кетуден бас тартқан да көрінеді. Осы мәселеге қатысты құрылған комиссия Миллерге көрсетілген қаражатты төлеуге міндеттеген екен. Ал ол бұл қаржыны өзінің ипотекалық төлемдеріне бағыттағаны анықталып отыр. Бір құмыра бал сыйлады Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Рим папасы Францискімен алғаш рет кездесті. Патшайым күйеуі Филиппен бірге понтификке Букингем сарайының бау-бақшасынан жиналған бір құмыра бал, сондай-ақ, бір шиша виски мен он дана жұмыртқа сыйлады. Елизавета ІІ өзінің бұл әрекетін Рим папасына өзгеше бір сыйлық жасағысы келгенімен түсіндірген. Ал өз кезегінде Франциск патшайымға асыл тастан жасалып, жоғары жағына крест орнатылған бұйымды сыйға тартыпты. Осыдан бірер күн бұрын Елизавета ІІ Квириналь сарайында Италия президенті Джордж Наполитаномен бірге таңғы ас ішкен екен. Ал Франциск Елизавета ІІ-мен екеуара жеке кездескен Англикан шіркеуі жетекшісінің бесінші понтифигі болып отыр. Жириновский құлақтан «айырылатын» болды Әзербайжан «Современный мусават» партиясының жетекшісі Хафиз Гаджиев ресейлік ЛДПР басшысы Владимир Жириновскийге «құлағын» кесемін деп сес көрсетті. Бұған Жириновскийдің Әзербайжан жөнінде кемсіту сөз айтқаны себеп болып отыр. «Осы кемсітуі үшін мен оның құлағын кесемін», деп мәлімдепті әзербайжандық саясаткер. Жириновскийдің жақында мемлекеттік думада сөйлеген сөзі Гаджиевтің ашу-ызасын тудырса керек. Ресейлік саясаткер сонда «Әзербайжан» атауына қатысты: «Азер – бұл Хезер теңізі, яғни Каспий теңізі, баджа – өлке. Бұлар Каспий теңізінің жағалауында тұратын жұрт. Бұл ұлт па?» – деп көлгірсіген көрінеді. Оның бұл сөздерін жоққа шығара келіп, Бүкілресейлік әзербайжан конгресі Жириновскийді жауапқа тарту үшін тиісті органдарға хат жіберді. Қысқа қайырып айтқанда: АҚШ конгресі жоғарғы палатасының барлау жөніндегі коми­те­ті орталық барлау басқармасының терроризмге қатысы бар кү­дік­­­­­­тілерді ұстау және олардан жауап алу әдістері туралы дайын­дал­­ған 480 беттік баяндаманың құпиялылығын ашу жөнінде қаулы қабылдады. Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілген индонезиялық Сатина есімді әйелді Индонезия тарапы исламдық салт-дәстүрмен оны «сатып алу» үшін 1,8 миллион доллар төлейтіндерін білдірді. Сатина осыдан жеті жыл бұрын жұмыс берушісін өлтіргеніне байланысты өлім жазасына кесілген екен. Көршілес Қырғызстанның Бақай ата ауданындағы бірқатар елді мекендер тұрғындары Ширальджин аумағындағы кеніштен алтын кенін өңдеуге байланысты қарсылық акциясын өткізді. Талаптары – өңдеу жұмыстары ондағы экологиялық жағдайды нашарлатады. Жергілікті биліктен қанағаттанарлық жауап болмаған соң, Талас – Сусамыр автожолын жауап тастады. Интернет материалдары негізінде әзірленді.