• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Сәуір, 2022

Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров Мәскеуде кездесті

252 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.

Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, отын-энергетика және ғарыш салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және БҰҰ интеграциялық бірлестіктері шеңберіндегі ынтымақтастық, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Одан бөлек, Halyk Bank Сбер Казахстан банктен 330 млрд теңгенің ($740 млн) жекелей кредит портфелін сатып алғаны белгілі болды. Альфа банктің "еншілес" құрылымын сатып алу туралы да қазақстандық банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.