Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ю. Путинцева жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 122-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші үш брейк жасап, басымдық танытты – 6:2.
Есесіне, екінші сетте 21 жастағы А. Потапова есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші партияда ресейлік теннисші есепті 5:1-ге жеткізіп, матчқа доп бергенде, Путинцева брейк жасай алды. Бірақ, одан әріге шамасы жетпеді – 2:6.
Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
А. Потапова жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың бас жүлдесі үшін әлемнің 24-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстя немесе рейтингте 29-сатыдағы ресейлік Вероника Кудерметованың біреуімен таласады.