Нұр-Сұлтанда футзалдан БАҚ өкілдері арасында «МИИР PRESS CUP-2022» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген 18 команда қатысты.
Қортындысында елордалық «Қазмедиа» командасы жеңімпаз атанса, «Qazaqstan-Qazsport» командасы және оңтүстік журналистерінен құралған «Шымкент» командасы үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ турнир жеңімпаздары 1 орын үшін – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 600 мың теңге және 3 орын үшін – 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Ал турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншыларда арнайы марапаттарға ие болды.