Алматы облысының Ескелді ауданында үш адамды, оның ішінде екі баланы көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуір күні сағат 22:05 болған.
«Анықталғандай, «Audi-80» көлігінің жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел және екі кішкентай бала оқиға орнында мерт болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген ведомствоның хабарламасында.
Көліктің 19 жастағы жүргізушісі қамауға алынып, машина айып тұрағына қойылды.