• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2022

ШҚО-да 1200-ден астам жігіт әскерге шақырылады

322 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында 1200-ден астам жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы науқанда 1200-ден астам жігіт әскерге шақыртылады. Өскеменде әскерге шақырылғандармен салтанатты қоштасу рәсімі өтті. 50 сарбаз Жамбыл облысына жіберілді. Олар №91678 әскери бөлімінде борыштарын өтейді.

«Аман-есен елге оралуларыңа тілектеспін. Біздің және ата-аналарыңның артқан үмітін ақтайтындарыңа сенемін», деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға еліміздің Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Қазіргі уақытта шекара қызметіне шақыру аяқталып, Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштеріне баратындар жасақталуда.