Биыл елордада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады. Қазір аудандық әкімдіктер фонтан кешендерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының теңгерімінде екі субұрқақ нысаны бар. Биыл аудан әкімдігі оларды қайта жаңартуды жоспарламайды», делінген хабарламада.
Сарыарқа ауданында барлық субұрқақтар әкімдік қарамағында емес. 10 нысанның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының теңгерімінде. Бұл ретте субұрқақтардың каскады биыл әкімдіктің балансына беріледі. Ауданда «Өмір ағашы»,«Сиреневый» фонианы, Абай-Желтоқсан, «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», Мәскеу көшесіндегі сквердегі, «Айналмалы доп», Әлия Молдағұлова ескерткішіндегі субұрқақтар орналасқан.
«Алматы ауданында да субұрқақтар іске қосылып, қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аудан әкімдігінің балансында 9 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар. Олар – «Президенттік саябақ«, «Қазақ Елі», «Әзірет Сұлтан», Отан қорғаушылар алаңындағы субұрқақ кешендері, Тәуелсіздік Сарайы жанындағы, «Бейбітшілік және келісім» сарайының жанындағы субұрқақтар. Сонымен қатар Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайындағы фонтан, Б.Момышұлы ескерткіші жанындағы скверде орналасқан субұрқақ және Студенттер саябағындағы «Ақ бұлақ» субұрқағы», деп жазды ведомстводан.
Субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы - Есіл ауданы. Ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 46 субұрқақ кіреді. Оның екеуі толық қайта құруды қажет етеді.