• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2022

Мемлекет пен қоғамның өзара сенімі – өркениеттің өресі

444 рет
көрсетілді

През­иденттің осыған дейінгі саяси рефор­маларының қоғамда жылы қабылданып, сәтті жүзеге асып жатқанына куәміз. Тек қана қазақстандықтар емес, бүкіл әлем тыңғылықты тыңдап, зерделеп отырған биылғы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы жаңа саяси реформаларын халық та, жергілікті атқарушы билік өкілдері де ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыруға ерекше құлшыныспен іске кірісті.

Осыған дейінгі конституциялық, мемлекеттік және саяси институттардағы дәстүрлі көзқарастар мен жүйелі бағыттар бүгінгі таңда түбегейлі өзгерген. Яғни әлеуметтік теңсіздіктерді жою, сөз бостандығы мен демократиялық заңдар аясындағы іске асырылып жатқан саяси транформациялау туралы Жолдаудағы жаңашыл бастамалар қоғамда жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген мекемелердегі жұмысшы­лар жалпыұлттық деңгейдегі әртүрлі жағдайлар­да өзіндік шешім қабылдап, жергілікті деңгейде өзін-өзі басқару, адал қоғам құру, қалалық және аудандық деңгейде халыққа қызмет етуші органдардағы басшы мамандарды әділетті сайлау сияқты тұғырлы ел болуға талпынған қабілетті қоғамды қалыптастыруға бағыт алды.

Әлемді әбігерге салған соғыс ошақтарының салдары мен бір-біріне шектеу салумен тірескен бұрынғы ынтымақтас елдердің бүгінгі алауыздығы өршіп тұрған заманда аумақтық тұтастықты қор­ғау – басты міндет екенін әр азамат сезініп отыр. Елімізге нақты қадамдар мен ұқыпты сұрыптал­ған саяси шешімдерді талап етіп отырған аумалы-төкпелі кезеңде, ұлттық бірегейлікті нығайту­ға бағытталған игілікті бастамаларға қанық бұл Жолдау көпшілік қолдауына ие. Демек «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алған Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмалары мен міндеттерін уақтылы жүзеге асыруды біз әл-ауқатты қоғам құруға қосқан үлесіміз деп тануымыз керек.

Бұл тұрғыда, ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақ­станның саяси-әлеуметтік тарихының құнды құжаттарын сақтап отырған Қазақстан Республи­касы Президентінің Архиві, еліміздің алдағы уақыт­тағы даму жолының стратегиялық, идеология­лық бағыттарын қалыптастырудағы өзіне жүктелген тарихи жауапкершілікті сезініп отыр. Осы орайда, архивтің алдында бірнеше кешенді іс-шараны жүзеге асыру міндеттері тұр.

Біріншіден, архивтік қызметтерді жаңғырту. Ең алдымен, архивтік құжаттар кешенінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оларды цифрлы жүйеге көшіру қарқынын арттыру.

Екіншіден, азаматтарымыздың ел алдындағы жауапкершілігін, халқымыздың тарихына деген құрметін арттыру, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін ояту мақсатында архивте сақтаудағы тарихи құжаттарды әйгілеп, насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру.

Үшіншіден, ғылыми айналымға енбеген құжаттық деректерді ғалым-зерттеушілер кеңінен қолданып, солардың негізінде тың тарихи еңбектер жариялауына жағдай жасау.

Осы көтеріліп отырған отандық архив саласындағы өзекті мәселелер Мемлекет басшысының Жолдауда айтып өткен, «біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз» деген міндеттеріне сәйкес келеді.

 

Әлия МҰСТАФИНА,

Президент Архивінің директоры