• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2022

Қазақстан 33 елмен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге келді

190 рет
көрсетілді

Қазақстан әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Вакцинация паспорттарын өзара тану жөнінде 2 қаулы қолданыста, оның ішінде негізгі қаулы – 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулы, оған 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулымен өзгерістер енгізілді.

Бүгінде әлемнің 33 елімен (Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония) өзара паспорттарды тануға келісім жасалды.