ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абат Абайұлы Шыныбеков БҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Абат Шыныбеков 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығын механизациялау, 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын экономика-менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
Әр жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, БҚО әкімі аппаратының инспекторы, бөлім басшысы, Казталов ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының хатшысы, Сырым және Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
Күні бүгінге дейін Орал қаласының әкімі болып еңбек етті.
Аяна Тоғанбек