Алматы соты бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты.
«Джуновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалсын», деп үкім шығарды судья.
Бұған дейін прокурор соттан Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.
Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.