• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2022

Металл қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынды

286 рет
көрсетілді

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын елден әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сыртқа әкетуге тыйым салынады.

«Бұл шектеу Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен белгіленген.

Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан мен ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстанның аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз», делінген Қаржы министрлігінің хабарламада.