• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Сәуір, 2022

Елордалық жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

202 рет
көрсетілді

27 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 30-дан астам жұмыс берушілері қатысады, олар өз бос орындарын ұсынады. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарын зерделеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.

Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де өтеусіз негізде өткізіледі.

Бос орындар жәрмеңкесінде халықты жұмыспен қамту мәселелері «Бастау Бизнес» бағдарламасы, мемлекеттік гранттар бойынша халыққа кеңес беру ұйымдастырылады.

Мұндай іс-шараларға қатысу өзінің мансаптық жолын бастаған жас буын үшін маңызды, өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектеседі.