• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 26 Сәуір, 2022

Доллар 6 теңгеге өсті

290 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 5,09 теңгеге көтеріліп, 453,53 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 26 сәуірдегі ресми бағамы 448,26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 453,40 теңге, сату - 456,91 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 453,25 теңгеден сатып алынып, 456,50 теңгеден сатылып жатыр.