Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні сағат 12:13-те Баянауыл ауылында орын алған. Lada көлігіндегі Баянауыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Land Cruiser көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оқиға салдарынан Баянауыл кентінің орталық аудандық ауруханасында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 1991, 2000 және 1988 жылы туған үш қызметкері жеткізілді. Үшеуінің де жағдайы қанағаттанарлық», дейді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «Нива» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен.
Көліктер тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факті бойынша тергеу тағайындалды.