• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2022

Жол ережесін 92 рет бұзған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

212 рет
көрсетілді

Жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген жүргізушілер «Сергек» жүйесіндегі жаңа функцияның көмегімен ұсталып, көліктері айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, өткен тәулікте «Қорғау Сергек» жүйесі жалған нөмірлермен жүрген 11 жүргізушіні анықтаған.

«Өткен күні олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге 790 құқық бұзушылық жасады. Автокөліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Жол ережесін 92 рет бұзған жүргізушіге айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрады», деді Алматы қаласы ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар полиция арнайы дыбыстық және дауыс зорайтқыш сигналдарды қолданған екі жүргізуші мен жеті мас жүргізушіні ұстады.

Жыл басынан бері жалған нөмір қолданғаны үшін 171 жүргізушіге айыппұл салынған. «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың  қараша айынан бастап пайдаланылады.

Аяна Тоғанбек