• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Сәуір, 2022

Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

816 рет
көрсетілді

ҚР Президент Әкімшілігінің және Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық маслихат депутаттарының келісімімен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына Ихсанов Еркебұлан Нұретдинұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркебұлан Ихсанов 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын экономист мамандығы бойынша және 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Казталов ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің статисті болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы, облыстық мәдениет басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы және бөлім басшысы, Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2016 жылдың тамыз айынан бері Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі лауазымында болған Миржан Сатқанов кеше, 26 сәуір күні Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Батыс Қазақстан облысы орталығының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметіне ауысты.