Парламент Мәжілісінің отырысында «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз», деді депутат Ерлан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.
Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жолданды.