SpaceX америкалық компаниясы сәрсенбі күні Crew Dragon кемесімен зымыран-тасығыш ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) төрт ғарышкер жіберген. Трансляция АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) сайтында жүргізілуде. Falcon 9 зымыран-тасығышы Канаверал (Флорида штаты) ғарыш айлағынан АҚШ уақытымен 03:55-те ұшқан. Freedom (Бостандық) деген атау берілген кеме экипажының NASA астронавттары – Челл Линдгрен, Роберт Хайнс және Джессика Уоткинс, Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) өкілі, итальяндық Саманта Кристофоретти кірген.
Ғарышкерлер 200-ден астам ғылыми тәжірибе жүргізеді деп күтілуде. «Бостандық» ХҒС-пен 28 сәуір күні 20:15-те түйіседі. Бұл – NASA-ның SpaceX-пен ынтымақтастығы аясында ХҒС экипажының америкалық тараптан төртінші ротациясы.
Линдгрен, Хайнс, Уоткинс және Кристофоретти орбитада америкалық әріптестері Раджу Чари, Том Маршберн және Кайла Бэррон және Маттиас Маурерді алмастырады.