• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Сәуір, 2022

Аманжолдың алғашқы алтыны

313 рет
көрсетілді

Спорт – денсаулық кепілі. Әсіресе мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін спорт­тың пайдасы көп-ақ.

Қазір мұнайлы өңірде түрлі себеппен осындай санатқа енген жандардың спортқа қызығу­шылығы артып келеді. Соның ішінде пара­дзюдошылардың жетістігі қуантады. Мәселен, былтыр Токиода өткен паралимпиадаға атыраулық алты парадзюдошы қатысып, үшеуі күміс жүлдегер атанған еді. Сол жаһандық додада жүлде алмаса да, ел намысын қорғаған жанкешті спортшылардың қатарында Аманжол Жанбота мен Ғалымжан Смағұлұлы да бар.

Жақында аталған парадзюдошылар Түр­кияда өткен Гран При сайысына қатысып, J2 санатында бақ сынады. Әлемнің 19 елінен парадзюдошылар қатысқан сайыста екеуі де 90 кило салмақта қарсыластарын қапы қалдырып, ақтық сынға алқынбай жетті. Спорттық бабы келіскен қос атыраулықтың жолы ақтық сында түйісті. Бір-бірінің спорттағы әдісін жақсы білетін олар алтын медаль үшін барын салды.

Дегенмен бұл сайыста Аманжол Жанбо­таның бағы жанды. Сөйтіп, Гран При сайы­сының жеңімпазы атанған ол алғашқы алтын медаліне қол созды. Ал Ғалымжан Смағұлұлы күміс жүлдені иеленді.

– Бұл – парадзюдошы Аманжол Жанботаның алғашқы алтыны. Мұны парадзюдошылардың жетістігі деуге де болады. Алда әлі талай асу бар, – деп мәлім етті облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қыз­меті.