• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2022

Ақтауда Ораза айт күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

298 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктер Ораза айт күні жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, 2 мамырда Ақтау қаласындағы №2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8 бағыттарында қатынайтын қоғамдық көліктерде жолақы алынбайды. Бұл бағыттар шаһар аумағын қамтиды.

Жергілікті атқарушы орган облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін осындай жеңілдік жасамақ.

«Бұл тек қана Ораза айтта емес, әр мереке сайын ұйымдастырылатын үрдіс», деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аяна Тоғанбек