22 сәуір күні ЖШС-нің бірінде 43 жастағы ер адам жүк вагонының төбесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жарақат алған зардап шегуші Екібастұз ауруханасына жатқызылды.
– Тағы бір жазатайым оқиға қаланың басқа кәсіпорнында болды. 27 сәуір күні сағат 11:30-да 37 жастағы ер адам аяқ жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шегуші қала кәсіпорындарының бірінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада.
Экскаваторды жөндеу кезінде қосалқы бөлшектердің бірі зардап шегушінің аяғына құлаған.