Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігіне және осы сипатта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылы 1 мамырдан бастап мемлекеттік шекараның бойында орналасқан барлық өткізу пункттерін барлық көлік түрлері арқылы кесіп өтетін Қырғыз Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтардың жанында коронавирус инфекциясына қарсы ПТР-тест анықтамасы немесе вакциналау туралы құжаттың болуы туралы міндетті талаптың күшін жою тапсырылды.
Сондай-ақ Президенттің облыстардағы өкілетті өкілдеріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау науқанын жүргізуді жалғастыру, вакцинация қарқынын кеңейтіп, күшейту және халықтың осал топтарына баса назар аудару тапсырылды.
Аяна Тоғанбек