Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді. «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған болатын.
«Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы» тақырыптары талқыланады.
Екінші күні ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді», деді ол.