• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Сәуір, 2022

Қазақстанда жаңа партиялар құрылады

561 рет
көрсетілді

Партиялық жүйе реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Партиялық және сайлау жүйесінің реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Барша электоралды ландшафтты қамтитын жаңа партиялардың пайда болуы болжанып отыр. Партия тізімдері, сондай-ақ бір мандатты округтар бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын нақты көрсетеді деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент этникааралық факторды саясиландыруға, бұл тақырыпта залалды әрі арандату пікірталастарына жол бермеу керек екенін атап өтті.