Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы(KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 446,38 теңге болды. Айта кетейік, долларының 29 сәуірдегі ресми бағамы - 448,49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 444,73 теңге, сатылым - 450,28 теңге.
Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 445,09 теңгеден сатып алады, 449,14 теңгеден сатады.